Ыстанбұлдың тарихи кітапханалары: Сүлеймание, Баязыт және Ұлттық жазба жұмыстары кітапханалары

Сүлеймание, Баязыт және Ұлттық жазба жұмыстары кітапханалары әлемінің ең маңызды кітапханалардың бірі.

01 Nisan 2022 19:07

Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Төменде Ыстанбұлда орналасқан ең ірі кітапханалар туралы ақпарат ала аласыз:

Сүлеймение жазба жұмыстарының кітапханасы

Ол 1918 жылы Сулейманиенің бірінші және екінші медреселерін кітапханаға айналдыру арқылы құрылды. Кітапхананың коллекциясында ғылымға негізделген кітаптардың барлық түрлері, соның ішінде тарих, медицина және әдебиет бойынша кітаптар бар.

Сүлеймение кітапханасы - жазу тұрғысынан әлемдегі ең маңызды кітапханалардың бірі. Кітапханада әйгілі дәрігер және философ Ибн Синаның барлық белгілі жұмыстарының кем дегенде бір жазбаша көшірмесі бар. Бұл ерекшілігіне байланысты Сүлеймание кітапханасы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген.

Баязыт жазба жұмыстарының кітапханасы

Баязыт жазба жұмыстарының кітапханасында жүздеген жылдар бұрын жазылған 12 мыңға жуық жазба сақталған. Сондай-ақ, кітапханада 30 мыңнан астам баспа жұмыстары ұсынылған, олардың барлығына цифрлық түрде де қол жеткізуге болады.

Ұлттық жазба кітапханасы

Оқу залы мен мұражайдан тұратын кітапханада 7 мыңнан астам жазба жұмыстары қолжетімді.


 

Жаңалықтар