Юнус Эмре атындағы әдебиет саласындағы премия жаңа таланттарды іздейді

Әдебиет саласындағы бастамаларды көтермелеу және жаңа таланттарды анықтау мақсатында Шетелдегі Түріктер және Ағайын Қауымдастылығы (YTB) түрік тіліндегі әдеби шығармалар конкурсын жариялады.

05 Mart 2021 17:01

Шетелдегі Түріктер және Ағайын Қауымдастылығының (YTB) жасаған жазбаша мәлімдемесінде әдебиет саласындағы премия, Юнус Эмренің қайтыс болуының 700-ші жылына орай ұйымдастырылған, деп айтылған.

Байқау 4 бөлек санат бойынша ұйымдастырылады: әңгіме, өлең, эссе және кітаппен сүйемелдеу.

Ал әрбір санат үшін жеке іріктеу комиссиясы құрылады.

Іріктеу комиссиясының негіздейтін бағалау критерийлерінің ішінде - түрік тілінің грамматикалық және орфографиялық ережелерін дұрыс және тиімді пайдалану, мәлімделген санаттың нысаны мен техникалық сипаттамаларына минималды деңгейде сәйкестік, өзіндік ерекшелік және стиль.

Бірінші орын иесі 20 мың, екінші орын иесі 15 мың және де ушінші орын иесі 10 мың лиралық ақшалық сыймен марапатталады. 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар өтініш беріп, өз жұмыстарын барлық қажетті құжаттармен бірге электрондық пошта арқылы жіберуі тиіс (turkceodulleri@ytb.gov.tr). Өтініш мерзімі 2021 жылдың 30-ші маусымында бітеді. 

Конкурсқа қатысуға өтініш беру үшін қажетті өтінім нысанын, түйіндеме үлгісін және тағы да басқа құжаттарды YTB ресми сайтынан (www.ytb.gov.tr) "Türkçe Ödülleri Yunus Emre Özel" бөлімінен жүктеуге болады.

 

Anahtar Kelimeler: Шетелдегі Түріктер және Ағайын Қауымдастылығы, YTB, Юнус Эмре,

Жаңалықтар