Әзірбайжан басшысы Ильхам Алиев Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының мүше елдеріне Зангезур дәлізін пайдалануды ұсынды

Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев: "Әзірбайжанның тарихи аумағы - Зангезур арқылы өтетін және Әзірбайжанның негізгі бөлігін Нахичеван Автономиялық Республикасымен жәнеТүркиямен байланыстыратын жаңа дәліз көлік секторында жаңа мүмкіндіктер туғызады".

05 Mart 2021 15:54

Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев онлайн өткен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ) 14-ші саммитіне қатысты.

Алиев өз сөзінде Ердоғанның әрі Таулы Қарабақтағы соғыс кезінде, әрі оккупациядан босатылған жерлерді қалпына келтіру кезінде де Әзірбайжанды қолдағанын атап өтті.  

"Түркия - біздің бауырымыз, біздің ең үлкен одақтасымыз. Түркия және Иран, аймақта көлік жобаларын жүзеге асыруда ортақ ұстанымға ие. Армения ұстамын өзгертсе бұл процестен пайдалана алады" - деді Алиев.

Президент Таулы Қарабақ соғысының аяқталғанын және де бұл қақтығыстың біткенін мәлімдеді.

"Біз аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін көптеген елдерді біріктіретін көлік жобаларын талқылауды бастадық"- деді президент.

"Әзірбайжанның тарихи аумағы - Зангезур арқылы өтетін, Әзірбайжанның негізгі бөлігін Нахичеван Автономиялық Республикасымен және Түркиямен байланыстыратын жаңа дәліз көлік секторында жаңа мүмкіндіктер құратынын атап өткім келеді. ЭЫҰ-ға қатысушы елдерді Зангезур дәлізін пайдалануға шақырамыз" - деді Әзірбайжан президенті.

Жаңалықтар