Әзірбайжан Демократиялық Республикасының негізін қалаушылардың бірі Мехмет Эмин Ресулзаде мырзаның дүниеден қайтқанына 66 жыл болды.

Әзірбайжан мемлекетінің маңызды кезеңі: Мехмет Эмин Ресулзаде. Әзірбайжан Халық Республикасының құрушысы Мехмет Эмин Ресулзаде елдің ұлттық болмысының қалыптасуына үлкен үлес қосты, халықтың тәуелсіздігі үшін ұлы күрескер болды.

06 Mart 2021 22:22

"Аспанға бір рет көтерілген жалау ешқашан түспейді", бұл сөздер Әзірбайжан Халық Республикасының құрушысы Мехмет Эмин Ресулзаде мырзаға тиесілі.

Әзірбайжан Халық Республикасының құрушысы Мехмет Эмин Ресулзаде елдің ұлттық болмысының қалыптасуына үлкен үлес қосты, халықтың тәуелсіздігі үшін ұлы күрескер болды.

Ол ел тарихында терең із қалдырды.

Мехмет Эмин Ресулзаде - Әзірбайжан тәуелсіздігі үшін ұлы жауынгер ретінде тарихта қалды.

Ұлы көшбасшы Мехмет Эмин Ресулзаде, 1884 жылы 31 қаңтарда Баку қаласының Новханы ауылында дүниеге келді.

Жас кезінен бастап ол Әзірбайжанның тәуелсіздігін алуды мақсат етті.

Оның күш-жігерінің нәтижесінде 1918 жылы 28 мамырда Әзірбайжан алғаш рет тәуелсіздігін жариялады, сондай-ақ Мехмет Эмин Ресулзаденың көшбасшылығында Әзірбайжан Халықтық Демократиялық Республикасы құрылды.

1918 жылы 4-ші маусымда Әзірбайжан Халық Демократиялық Республикасы мен Осман империясы арасында достық пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Өкінішке орай, Әзірбайжан Халықтық Демократиялық Республикасы ұзақ уақыт бойы өзінің егемендігін сақтай алмады. Ел 1918 жылдан кейін көп ұзамай Кеңес Одағының құрамына кірді.

Большевиктердің оккупациясынан кейін тұтқындалған Ресулзаде Мәскеуге жеткізілді. Сталиндің сөздеріне қарамастан Кеңес Одағында қалғысы келмеді.


Ол Францияда, Финляндияда, Польшада және Германияда өмір сүрді, Кеңес Одағына қарсы жарияланымдар жасады, Әзірбайжанның жаулап алынғанын әлемге жариялауға тырысты.

Ресулзаде 1947 жылынан бастап Түркияда өмір сүруге бастады және Министрлер Кеңесінің шешімімен Түркия азаматы болды.

Көшбасшы 1949 жылы Анкарада Әзірбайжан мәдени қоғамын құрды, кітаптар жазды, конференциялар өткізді, өз елінің жағдайы туралы айтуды жалғастырды.

Өмірін Әзірбайжан халығының егемендігіне арнаған Мехмет Эмин Ресулзаде 1955 жылы 6 наурызда Анкарада дүниеден өтті.

Анкарада Ресулзаде негізін қалаған Әзірбайжан мәдениеті қоғамы қазір де өз қызметін сәтті жалғастыруда.

Түркияның бірқатар қалаларындағы көшелер оның есімімен аталған.

Анкараның Чанкая ауданында Мехмет Эмин Ресулзаде атындағы Анадолу лицейі бар.

Anahtar Kelimeler: Мехмет Эмин Ресулзаде, Әзірбайжан, Әзірбайжан Халық Демократиялық Республикасы, Осман империясы, Анкара,

Жаңалықтар