Әзірбайжанда "Ұлы Жібек жолы және түркі әлемі" атты халықаралық конференция өтті

Әзірбайжан астанасы Бакуде "Ұлы Жібек жолы және түркі әлемі" атты халықаралық конференция өтті.

29 Mayıs 2021 01:02

Халықаралық мәдениет және мұра қоры ұйымдастырған шара аясында "Жібек жолы бойынша Әзірбайжан" кітабының тұсаукесері өтті. 

Іс-шарада сөз сөйлеген қордың төрайымы Гунай Эфендиева түркі әлемінің мәдениеті мен мұрасын қорғауға бағытталған жобалар туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, 2017 жылы Әзірбайжанда мәдениетаралық диалог бойынша 4-ші Дүниежүзілік форум өтті. Форум барысында "мәдениеттер мен өркениеттер тоғысындағы түркі әлемі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Ал 2019 жылы мәдениетаралық диалог бойынша 5-ші Дүниежүзілік форум және "Ұлы Жібек жолының түркітілдес елдер арасындағы диалогты құрудағы рөлі" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Түркі кеңесінің, ТүркПА, ТҮРКІСОЙ, ЮНЕСКО, ИРСИКА басшылары, елшілер, академиктер мен түркітанушылар қатысты.

Эфендиева, Армениядан босатылған аумақтардың маңыздылығын атап өтіп, бұл жерлердің Ұлы Жібек жолының бойында орналасқанын және негізгі рөл атқарғанын айтты.

Сонымен қатар кордың төрайымы Арменияны жаулап алу кезінде Әзірбайжанға тиесілі аумақтар зардап шеккенін еске салып, шынайы сәулет ескерткіштері, керуен-сарайлар, ежелгі мешіттер мен медреселер қираған. Өнердің шыңы саналатын бұл ескерткіштер болашақта қалпына келтірілетіні атап өтті.

Баку қаласында "Ұлы Жібек жолы және түркі әлемі" Халықаралық ғылыми конференциясы өзге елдерде де ұйымдастырылады. Түркияның Әзірбайжандағы елшісі Джахит Бағжының айтуынша, кітаптың тұсаукесерлері Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда өтеді.

Жаңалықтар