Әзірбайжанда Наурыз мейрамы атап өтілді

Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында "Халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы" қорының ұйымдастырған "Наурыз" іс-шарасы өтті.

22 Mart 2021 16:00

Мерекелік шара аясында "Әлемді қорғайық: түркі әлемінің салт-дәстүрлері" атты суреттер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының төрайымы Г. Эфендиева қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады. Ол Наурыз мерекесінің жалпы адамзаттық мәдени құндылығы екенін атап өтті.

"Наурыз мейрамы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген" 

"Наурыз - көктем, тазару, өзгеріс, жаңа күн демек. Ата-бабаларымыздан мұра болған бұл дәстүрлер үлкен қазынамыз, біздің мақсатымыз - бұл дәстүрлерді бүкіл әлемге көрсету және тарату"- деп жалғастырды Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының төрайымы.

Мерекелік шараға Әзірбайжан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рамиз Хасанов, Түркияның Әзірбайжандағы Елшісі Эркан Озорал, Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов, Қырғыз Республикасының Әзірбайжандағы уақытша өкілі Мұхаммед Лоу, Өзбекстанның Әзірбайжандағы Елшілігінің атташесі Ойбек Акрамов, Түркіменстанның Әзірбайжандағы Елшісі Мекан Исхангулиев, Мажарстанның Әзірбайжандағы Елшісінің бас хатшысы Михаил Грубер, Литва елінің Әзірбайжандағы Елшісі Эгидиджус Навикас және БҰҰ-ның Әзірбайжандағы тұрақты үйлестірушісі Г.Исагзай қатысты. Олардың әрқайсысы іс-шара мен байқауды жоғары бағалады.

Anahtar Kelimeler: Наурыз,

Жаңалықтар