Әзірбайжандық ақын Ахмет Джеваттың құрметіне "Қара теңіздің толқындары" атты конференция ұйымдастырылды

Әзірбайжандық ақын Ахмет Джеваттың құрметіне "Қара теңіздің толқындары" атты конференция ұйымдастырылды.

13 Mayıs 2022 20:36

Гянджадағы Түркияның Бас консулдығы, Ыстанбұл университеті, Мармара университеті және Гянджа Мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған онлайн-панельге университет өкілдері мен ғалымдар қатысты.

Мармара университетінің Түркі зерттеулері институтының директоры, профессор-доктор Окан Ешилоттың басшылығымен Гянджадағы Түркияның Бас консулы Зеки Өзтүрік, Ыстанбұл университеті ректорының орынбасары, профессор-доктор Ильяс Топсакал және Гянджа мемлекеттік университеті ректорының орынбасары Первин Керимзаде сөз сөйледі.

Бас консул Өзтүрік Ахмет Джеваттың Гянджаның маңызды қамқоршыларының бірі болғанын атап өтті.

Іс-шараға, сондай-ақ Ахмет Джеваттың немересі Джеват Ахунзаде қатысты.

Жаңалықтар