Әзірбайжанның батыл қызы - Валешева Елвина

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп келе жатқан Этноспорт фестивалінде өнер көрсеткен ат спорты маманы Валешева Елвина басты мақсаты елінің туын желбірету екенін айтты.

17 Haziran 2022 22:17

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған 5-ші этноспорт фестивалі Ыстанбұлдың Ататүрік әуежайында өтуде.

Фестивальге 56 елден 5 мыңнан астам спортшы қатысуда.

Дәстүрлі спорт түрлерін дамыту мақсатында өткізілетін фестиваль аясында өзіне ең көп назар аударған спорт құрамалардың бірі Қарабақ ат өнері спортшылары.

Аталған спорт құрамасында екі спортшы әйел бар, олардың бірі Валешева Елвина.

Azerbaycan’ın cesur kadını: Valesheva Elvina

Біз Әзірбайжанның туын желбіреткенімізді мақтан тұтамыз

"Жылқы - менің өмірім. Оларды бала кезімнен жақсы көремін. Менің өмірімнің едәуір бөлігі жылқылармен өтеді, әсіресе Қарабақ жылқыларын жақсы көремін. Елімнің туын желбірету мені қатты қуантады." - дейді Евина.

Azerbaycan’ın cesur kadını: Valesheva Elvina

Түркияға этнофестивальде өнер көрсетуге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіре отырып Елвина: "Біз де Түркияны елімізде күтеміз." - деп түйіндеді.

 

Жаңалықтар