Әзірбайжанның Президенті Ильхам Алиев Арменияға ескерту жасады

Ильхам Алиев 2020 жылы қараша айында Ресей, Әзірбайжан және Арменияның кол қойған келіссөз бойынша әрекет ету керек болғанын атап өтіп: "Армения саяси дағдарысқа қарамастан қол қойылған декларацияны жүзеге асырады деген үміттемін, немесе Армения одан да қиын жағдайға келеді"-деп ескертті.

26 Şubat 2021 15:55

Алиев әзірбайжандық және шетелдік тілшілердің сұрақтарына бейнеконференция арқылы жауап берді.

Арменияда болып жатқан оқиғаларды елдің "ішкі ісі" деп бағалай отырып, Алиев: "Бүгінде Арменияда болып жатқан оқиғалар өте қиын болып, мемлекеттің негізін шайқап тұр. Бұған Арменияның бұрынғы және қазіргі басшылығы жауапты, Кочарян-Саркисян хунтасы елді осы жағдайға келтірді"- деді ол.

Алиев Арменияның құлдырауының басты себебі олардың көп жылдар бойынша Әзірбайжан территориясын жаулап алуы екенін атап өтті. "Біздің саясатымыз Арменияның экономикалық ахуалын төмендетіп, оны оқшаулау болды. Мен біздің жерге басып кіруді тоқтатқым келді. Егер олар бізді уақытында тыңдағанда, қазір мұндай ұятқа қалмас еді."

Ильхам Алиев 2020 жылы қараша айында Ресей, Әзірбайжан және Арменияның кол қойған келіссөз бойынша әрекет ету керек болғанын атап өтіп: "Армения саяси дағдарысқа қарамастан қол қойылған декларацияны жүзеге асырады деген  үміттемін, әйтпесе Армения одан да қиын жағдайға келеді"-деп ескертті.

2020 жылы, 10-ші қараша күні Ресей, Әзірбайжан және Армения арасында үш жақты мәлімдемеге қол қойылды, мәлімдемеде Армения 44 күндік соғыстан кейін Әзірбайжанға жеңілгенін мойындады. 

 

Жаңалықтар