Әзірбайжанның "Шафак-Азиман" атты кен орнында табиғи газдың қоры табылды

Каспий теңізінің Әзірбайжан бөлігінде орналасқан "Шафак-Азиман" кен орнындағы барлау қазба жұмыстары барысында табиғи газ және конденсат қорлары табылды.

24 Mart 2021 16:35

Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясының (SOCAR) мәлімдемесіне сәйкес, "Шафак-Азиман" кен орнында 7 мың 189 метр тереңдікте табиғи газ және конденсат қорлары табылды.

Мәлімдемеде учаске қорларын толық анықтау үшін қосымша бағалау жұмыстары жүргізілетіні айтылған.

Әзірбайжанның астанасы Баку қаласының оңтүстік-шығысына қарай 125 шақырым алыстығында орналасқан "Шафак-Азиман" кен орны 1100 шаршы метр алаңдан тұрады.

Теңіз тереңдігі 650-ден 800 метрге дейінгі кен орнындағы барлау жұмыстары SOCAR және British Petroleum (BP) тарапынан бірлесіп жүргізілді.

SOCAR және BP 2010 жылы "Шафак-Азиман" кен орнын бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қойған.

Anahtar Kelimeler: Әзірбайжан, SOCAR, Шафак-Азиман, British Petroleum,

Жаңалықтар