Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлігі Мецамор АЭС-тың қауібі туралы ескерту жасады

Арменияда орналасқан Мецамор атом электр станциясының қауібі туралы Әзірбайжанның СІМ басшылығынан бүкіл әлемге ескерту жасалды. АЭС-тың жабылуы үшін дүниежүзілік қоғамның әрекет ету керек екендігі хабарланды.

26 Nisan 2021 16:06

Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлігі Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыстың жылдығына байланысты жазбаша хабарлама жариялады.

Хабарламада, Әзірбайжан Чернобыль апатынан зардап шеккен елдердің  бірі болғаны, көмекке жіберілген 7 мың Әзірбайжан азаматының 2 мыңы қайтыс болғаны, сондай-ақ оқиғаға байланысты 5 мың адамның денсаулығына үлкен залал берілгені мәлімденді.

Сонымен қатар, атом электр станцияларының қауіпсіздігі олардың орналасқан елдерді ғана емес, көрші елдерді де алаңдату керек екендігі атам өтңлдң. 

Ресми хабарламада, Метцамор атом электр станциясы Чернобыльда қолданылатын ұқсас технология бойынша салынғанын және белсенді сейсмикалық аймақта орналасқаны еске салынды.

"Ескі технология тәсілдері мен нақты орналасуына байланысты Мецамор АЭС-ы әлемдегі ең қауіпті атом электр станцияларының бірі болып табылады. Мецаморды "бүкіл аймаққа қауіп" деп атайтын әртүрлі халықаралық ұйымдардың ескертулеріне қарамастан, Армения Мецаморды қолдануды жалғастыруда." - делінген хабарламада.

Сонымен қатар хабарламада Еуропалық Одақтың 2020 жылы Арменияға ескерту жасағаны еске салынды.

"Мецаморда ескірген технологияларды қолдану және қауіпсіздік ережелерін сақтамау кең аймақ үшін өте үлкен экологиялық қауіп төндіреді" - деп ескертілген Әзірбайжанның СІМ басшылығының хабарламасында.

"Біз ядролық қауіпсіздік пен қоршаған ортаға мүдделі барлық тиісті халықаралық мекемелерді, үкіметтік емес ұйымдарды және өңірдегі елдерді ықтимал апаттың алдын алу туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға және Мецаморр АЭС-ын жабу бойынша күш-жігерді жұмылдыруға шақырамыз." - деп түйінделген мәлімдемеде.

 

Жаңалықтар