Әзірбайжанның танымал актрисасы: Несібе Зейналова

Зейналова елінде комедиялық рөлдерімен есте қалды.

28 Mayıs 2022 23:39

Несібе Зейналова, театр актері Джихангир Зейналовтың қызы, 1916 жылы 20 сәуірде Бакуде дүниеге келді.

Орта мектепте би курстарына қатысты.

1932 жылы Реза Тахмасиб атындағы драма қоғамының мүшесі болды.

1937 жылы театр труппасына қосылып, Әзірбайжанның көптеген қалаларына гастрольдік сапармен барды.

1938 жылы Әзірбайжан мемлекеттік музыкалық комедия театрында жұмыс істей бастады, Баку театр училищесінде актерлік шеберлікті оқыды.

Кейінгі жылдары Зейналова теледидар программаларында, сондай-ақ 22 фильмде және 70-ке жуық театр қойылымдарында ойнады.

Зейналоваға 1967 жылы Әзірбайжанның халық әртісі атағы берілді.

Зейналова 2004 жылы 10-шы наурызда Баку қаласында дүниеден озды.

 

Жаңалықтар