Өзбекстан Халықаралық Түркі академиясының бақылаушы мүшесі болды

Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның бірлескен күш-жігерімен құрылған Халықаралық Түркі академиясына Өзбекстан бақылаушы ел ретінде қосылды.

24 Haziran 2022 17:16

Өзбекстан Республикасы Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы мәртебесіне ие болды. Осыған орай, халықаралық ұйымның ғимараты алдында Өзбекстанның мемлекеттік туын салтанатты көтеру рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға Әзірбайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев, Қазақстан Республикасың Ғылым және жоғарғы оқу министрі Саясат Нұрбек, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Саидикрам Ниязходжаев, сонымен қатар Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ағалар Атамоғланов, Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеев, дипломаттар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен түркологтар, Қазақстандағы диаспора және БАҚ өкілдері қатысты.

 

Жаңалықтар