2

Өзбекстан мен Қырғызстан сауда көлемін 2 есеге арттыру туралы келісті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров екі ел арасындағы сауда көлемін 2 есеге арттыру туралы келісті.

12 Mart 2021 11:22

Өзбекстан президенті Садыр Жапаровты Гөксарай президент сарайында қарсы алды, деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.

Ресми рәсімнен кейін президенттер және делегациялар арасында ресми жиналыстар өткізілді. Кездесу барысында екі жақты қатынастардың саяси, сауда-экономикалық және көлік салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты мәселелер талқыланды.
Жапаровты президент сайлануымен құттықтаған Мирзиеев, қырғыз халқының өркендеуі жолында жасаған күш-жігерін қолдайтынын атап өтті.
Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтіліп, соңғы 4 жылда сауда көлемі 5 есе өсіп 900 миллионға жеткені мәлімденді. Мирзиеев пен Жапаров бұл санның болашақта екі есе ұлғайту туралы уағдаласты. 

Сондай-ақ, екі елдің лидері 200 миллион доллар көлемінде өзбек-қырғыз инвестициялық қорын құруға келісті.

Көлік және транзиттік дәліздерді дамыту ынтымақтастықтың маңызды саласы екенін атап өтіп, Мирзиеев пен Жапаров құрылысы жоспарланған Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай теміржол жобасында ынтымақтасуға шешім қабылдады.

Өзбекстан мен Қырғызстан президенті Орта Азияның су-энергетикалық ресурстарын бірлесіп және тиімді пайдалану тақырыбын талқылады. Сонымен қатар, 2017 жылы қол қойылған келісімге қатысты әлі келісілмеген шекараның қалған бөлігін анықтау үшін арнайы комиссияның ұйымдастырылғанын тапсырды. 


Кездесуде Жапаров Мирзиеевті өз еліне шақырды.

Anahtar Kelimeler: Мирзиеев, Жапаров, Орта Азия,

Жаңалықтар