Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездесті

Өзбекстанға ресми сапармен келген Чавушоглу мырзаны Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзиеев қабылдады

09 Mart 2021 18:40

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуның Өзбекстанға сапары жалғасуда. Бүгін министрді Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев қабылдады.

Чавушоглу Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанның  тілектері мен сәлемін жолдады.

Ташкентке жасалған жұмыс сапары аясында екіжақты қарым-қатынастардың барлық бағыттары және биыл Өзбекстанда өтетін "Жоғары деңгейдегі өзбек-түрік стратегиялық ынтымақтастық" кеңесінің 2-ші отырысына дайындық талқыланды.

Түркияның Сыртқы істер министрі, Шавкат Мирзиеевке жылы қабылдағаны үшін алғыс айтты. Ол жақын арада отбасымен Өзбекстанға келіп, Ферғана облысына барғысы келгенін айтты.

"Біз бір ұлтпыз, тарихымыз,тіліміз және мәдениетіміз ортақ. Тамырлас ел Өзбекстанның тарихи қалаларын көріп таң қалдық" - деп жалғастырды Чавушоглу.


Мевлют Чавушоглу, Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған мен Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевтің екі ел арасындағы қатынастардың  дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.


Министр, соңғы 4 жылда екі ел арасындағы көпжоспарлы және терең ынтымақтастық дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, бұдан да үлкен мүмкіндіктер бар екенін атап өтіп, Түркия-Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал ететінін айтты.

Anahtar Kelimeler: Түркия-Өзбекстан, Режеп Тайып Ердоған, Шавкат Мирзиеев, Мевлют Чавушоглу,

Жаңалықтар