Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев:"Демократиялық реформаларымыз жаңа Өзбекстанның іргетасын салатын болады"

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев демократиялық реформалар жаңа Өзбекстан құруға бағытталғанын және бұл өзгерістер қайтымсыз болатынын айтты.

23 Şubat 2021 10:11

Мирзиёев Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 46-сессиясында Женевада өткен жоғары деңгейдегі бейнеконференцияға қатысты.

Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесінің мүшесі ретінде отырысқа алғаш рет қатысқан Мирзиёев, Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформалар арқылы адам құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету мәселесі өте маңынызды болғанын атап өтті.

"Біздің демократиялық реформаларымыз жаңа Өзбекстан құруға бағытталған және бұл өзгерістер қайтымсыз болды"- деді Президент Мирзиёев.

Мирзиеев БҰҰ-ның 75 жылдық тарихында адам құқықтары әмбебап құндылық болып табылатынын айқын көрсетіп отырғанын, олай болмаса жер бетіндегі бейбітшілік, қауіпсіздік пен орнықты даму мүмкін еместігін атап өтті. "БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі ретінде Өзбекстан адам құқықтарына қатысты халықаралық құқықтың әмбебап қағидаттары мен нормаларын табанды түрде қорғап, белсенді түрде ілгерілететін болады"- деді ол.

Адам құқықтары бойынша жасалынатын көптеген жұмыс болғанын атап өткен Өзбекстан Президенті БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелетті еліне келуге шақырды.
 

Жаңалықтар