5-10

Өзбекстанда 5 елмен 10 күндік визасыз режим енгізілді

Өзбекстанда туризмді дамыту мақсатымен Бахрейн, Қатар, Кувейт, Оман және Қытай тұрғындарына қатысты 10 күндік визасыз режим енгізілді.

02 Mart 2021 09:36

Мирзиёевтың қол қойған жарлығына сәйкес Бахрейн, Қатар, Кувейт және Қытай азаматтарына Өзбекстанға 10 күндік визасыз режим енгізілді. 

Визасыз режим шарттары бойынша келген азаматтар 10 күн ішінде кері рейске билетті немесе үшінші елге шығу билетін көрсетуі тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан туризмді дамыту мақсатымен 86 елдің, соның ішінде Түркияның азаматтары үшін 1-3 ай арасында визасыз режим енгізген болатын.

Anahtar Kelimeler: Мирзиёев, Өзбекстан, визасыз режим, Бахрейн, Қатар, Кувейт, Қытай,

Жаңалықтар