Өзбекстанда екінші рет "Ислам қалалары" көрмесі ашылады

Фотосуретші Орхан Дургут "Ислам қалалары" жобасында ислам әлемінде өмір сүретін қоғамдар арасындағы ортақ құндылықтарды атап өтуге тырысады.

07 Mart 2021 02:02

1977 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан түрік кәсіби фотосуретші Орхан Дургут "Ислам қалалары" жобасының негізін қалаушы. Ол мұсылман қоғамдастығы арасында ортақ құндылықтарды насихаттауды мақсат етеді.

Орхан Дургут мұсылмандардың қасиетті қаласы Меккеге барғаннан кейін "ислам қалалары" жобасын жүзеге асыра бастады.

"Меккеде болғанда мен ислам әлеміндегі мұсылмандардың бір-бірін жақсы көретінін, бір-біріне көмектесетінін көрдім. Бірақ күнделікті өмірде ол адамдар бір-біріне қарсы болып әрекет етеді. Осыған байланысты менде ислам әлемін бір-бірімен таныстыру идеясы пайда болды. Бұл халықтардың бәрі азан шақырғанын тыңдайды, бәрі дәрет алады, Құбылаға қарап дұға жасайды, ал дұға мен сәлемдесу аяқталғаннан кейін олар бір-бірімен қақтығысып, соғысады. Біз бұл тәсілді тоқтатып, жеке басымызды дәріптеу мақсатында жаңа жобаны жүзеге асыруды шештік" - дейді Орхан Дургут.

Дургут өзінің алғашқы фотосуреттерін Сауд Арабиясында түсіре бастады. Содан кейін ол Сирияда бірнеше жұмыстар өткізді.

Жобаға ислам тарихында ерекше орын алатын 40 елдің 100 қаласы кірді. Бүгінгі таңда 64 қалада фотосессиялар аяқталды. Осы уақытта суреттер көрмелері ұйымдастырыла бастады. Алғашқы көрме 2020 жылы Бұхарада Имам Бухари зерттеу орталығының шақыруымен өтті. Екінші көрме Ислам ғалымы Имам Тирмизинің өмір сүрген қаласында ашылады.

Орхан Дургут Ирактағы Бағдад, Наджаф, Куфа, Кербаланы, Египет, Тунис, Марокко, Мали және Африканың бірқатар елдерін, сондай-ақ Орта Азия мен Шығыс Еуропадағы көптеген қалаларды суретке түсірді.


Дургут өз күшімен фотосессиялар түсіреді, бірақ көрмелер ұйымдастыру үшін қолдауды қажет етеді. Мысалы, "Эриш Ун"  компаниясы 15 наурызда Өзбекстанда өтетін көрмені ұйымдастыруға қолдау көрсеттіі.

Қасиетті Құран қалаларының альбомын шығару жоспарлануда. Қазіргі уақытта" Құран атласы " альбомы 60 пайызға аяқталды.

Anahtar Kelimeler: Фотосуретші Орхан Дургут, "Ислам қалалары",

Жаңалықтар