19

Өзбекстанда Ковид-19-ға байланысты тоқтатылған жәрмеңке және көрмелерді ашуға рұқсат етілді

Өзбекстанда коронавирусқа байланысты 11 ай бұрын тоқтатылған жәрмеңкелер мен көрмелердің өтілуіне рұқсат етілді.

28 Şubat 2021 00:41

Ковид-19 эпидемиясына байланысты Өзбекстанның коронавируспен күресу аясындағы комиссияның шешімімен 2020 жылдың 23 наурызында жасалұға жоспарланған жәрмеңке және көрмелердің денсаулық сақтау және эпидемия ережелеріне сәйкес өткізілуі мүмкін.

Шешімге сәйкес, жәрмеңке, көрмелер және осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастырылғанда Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігіне хабар берілуі тиіс.  Ұйымдастырушылар бұл іс-шараларды Денсаулық сақтау және эпидемиямен байланысты мекемелердің ережелеріне сәйкес өткізетін болады.
Жәрмеңке және көрмелерге келгендер міндетті түрде бетперде киюге тиіс. Жәрмеңке алаңында желдету жүйелері жұмыс істеуі қажет, сондай-ақ адамдардың өту жолдарының ені кемінде 3 метр болуы тиіс.

Жаңалықтар