Өзбекстанда шетелден келгендер коронавирусты анықтайтын қосымша тест тапсырмайды

15-ші наурыздан бастап шетелден келгендер үшін коронавирус сынағы жасату шарт болмайды, 72 сағат ішінде ПТР тестінің нәтижесін көрсету жеткілікті болғаны хабарланды

15 Mart 2021 16:00

Мұндай шешімді Өзбекстанның эпидемиямен күресу жөніндегі арнайы республикалық комиссиясы қабылдады.

Жаңа ережеге сәйкес, шетелдіктер соңғы 72 сағат ішінде жасалған коронавирустың жоқтығы туралы анықтаманы ұсынуы тиіс.

Егер де ПТР тестінің нәтижесі болмаса, ереже бойынша жолаушылар коронавирусқа шалдықпағанын дәлелдеу үшін экспресс тест тапсыруға міндетті. 

Айта кетейік, Өзбекстанда өткен тәулікте 86 адам вирус жұқтырды, вирус таралу кестесіндегі жалпы сан 80 мың 567 болғаны хабарланды.

Вирустан сауғып кеткендердің саны 79 мың 242 адам. Қазіргі таңда елде 703 адам вирустан емделіп жатыр, ал вирустан опат болғандардың саны 622 болғаны анықталды.

Қыркүйек айынан бастап Өзбекстан, елдегі індетке байланысты жағдай қалыпқа келгеннен кейін кейбір елдермен, соның ішінде Түркиямен, ұшақ рейстерді қайта бастады.

Anahtar Kelimeler: Өзбекстан, коронавирус, ПТР тест,

Жаңалықтар