Өзбекстанның ең танымал мұнаралардың бірі: Калта Минор

Хиуа қаласының символы болып саналатын Калта Минор мұнарасы туристердің назарын аударуда.

04 Şubat 2022 16:14

Калта Минор (қысқа мұнара) Өзбекстанның батысында орналасқан Хиуа қаласының символы ретінде белгілі.

Уақытында Хиуа қаласы Хорезмшах мемлекетінің астанасы болған.

Төрт есікті бекіністің ішінде жалпы алғанда 67 тарихи ескерткіш бар. Олардың көбінісі Дүниежүзілік Мәдени мұра тізіміне енгізілген.

Калта Минор аталған төрт есіктің бірі болып табылатын "Ата" есіктің кіреберісінде орналасқан.

Халықтың ауызында мұнара туралы көптеген аңыздар бар. Олардың ең танымалы Мұхаммед Амин Хан мен Бұхара Әмірі туралы.

Мұхаммед Амин Хан 1852 жылы бәсекелес Бұхара қаласындағы 47 метрлік Калон мұнарасынан да биік мұнара тұрғызғысы келеді. Осыған байланысты қызметке кіріскен сәулетші биіктігі 70 метр және диаметр 14,5 метрлік мұнараны салу үшін жұмысқа кіріседі.

Алайда Бұхараның әмірі дәл сол сәулетшімен кездесіп, одан да биік мұнара салуын талап етеді.

Бұл туралы естіген Амин Хан дереу сәулетшінің басын алуды бұйрық береді.

Осылайша Калта Минор деп аталған мұнараның биіктігі тек 26 метрге дейін көтеріліп қалады.

Жаңалықтар