Зеленский Еуропалық Парламентке үндеу жасады

Украинаның президенті Владимир Зеленский Еуропалық Парламентке үндеу жасады

02 Mart 2022 00:20

Еуропалық Парламент Ресейдің Украинаға шабуылына байланысты Брюссельде кезектен тыс отырыс өткізді.

Украина президенті В. Зеленский бейнеконференция форматында отырысқа қатысып, Еуропалық Парламентке жүгінді. 

Парламент мүшелері Зеленскийге шапалақтады. 

Украинаның көшбасшысы елі егемендігін қорғау үшін Ресейге қарсы соғысты жалғастыратынын атап өтті. 

Сонымен қатар Зеленский Еуропалық Одаққа мүше елдерге Украинамен деген ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

"Біз Ресейдің шабуылына қарсы тұрамыз және өз бостандығымызды қорғауға тырысамыз. Жеңіске жететін біз боламыз,"- деді ол.

Зеленский кешегі шабуыл кезінде 16 бейкүнә бала қайтыс болғанын айтты, "Ресей басшылары шабуылдарының нысанасында тек әскери нысандар бар дейді. Балалар әскери нысандарда жұмыс істей ме?"- деп сұрақ қойды президент.

Зеленский ЕО-ны Украинаны толыққанды мүшелікке қабылдауға шақырды.

Жаңалықтар