Өзен кен орнынан жаңа мұнай шоғыры табылды

Маңғыстау облысындағы Өзен кен орнынан жан-жақты барлау барысында жаңа мұнай шоғыры табылды. Осының нәтижесінде шығарылатын мұнай қорының өсімі 39,9 млн тоннаны құрайды деп хабарлайды ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

31 Ocak 2022 22:45

Көмірсутек қорының өсімі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ экономикалық көрсеткіштеріне елеулі әсер етеді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кен орнының құрылымы нақтыланды және жаңа мұнай шоғыры табылды. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Өзен кен орнының мұнай қоры 8%-ға ұлғайды, бұл өз кезегінде шығарылатын қордың 39,9 млн тоннасын құрап отыр.

Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы көмірсутектің нақтыланған көлемін 2021 жылдың соңында балансына қабылдады.

Қазіргі уақытта жаңа қорды есепке алу және оларды өндіруді жоспарлау мақсатында кен орынды игеру жобасына түзету енгізілуде.

Жаңалықтар