Әзербайжан Ресей-Украина соғысында тараптарды диалогқа шақырды

Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов тараптарды шиеленісті одан әрі ушықтырмай дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.

02 Mart 2022 17:15

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 49-шы сессиясында сөйлеген сөзінде министр Байрамов Ресей-Украина соғысына тоқталды.

Байрамов отырыстың халықаралық шиеленістің көлеңкесінде басталғанын атап өтті.

Әзербайжанның Сыртқы істер министрі бейбіт тұрғындардың өмірі әрдайым қауіпсіз болуы керек екенін айтты.

"Қазіргі жағдайдың бейбіт тұрғындарға кері әсерін тигізбеу үшін осы гуманитарлық дағдарысқа қарсы шаралар қабылдау қажет. Әзербайжан жалқы украин халқына медициналық жабдықтар мен басқа да алғашқы көмек заттарын жеткізу бойынша шаралар қабылдады." - деп жалғастырды.

Байрамов тараптарды шиеленісті одан әрі ушықтырмай дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.

Жаңалықтар