Әзербайжанда Наурыз мейрамы аталып өтілуде

Әзербайжанда Түркі әлемінің ең маңызды мерекелерінің бірі болып табылатын Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтілуде.

21 Mart 2022 12:36

Әзербайжанда Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтілуде.

Елде Наурыз мейрамының символы ретінде танымал "Коса және Кечели" мен "Көктем қызы" атты көрсетілімдер ұйымдастырылды.

Әзербайжандықтар Наурыз мейрамын бір ай бұрын атауға бастайды. Су, от, жел және жер сәрсенбілері деп атайтын күндерде олар бірқатар рәсімдер өткізеді.

Су сәрсенбісінде үйлердің жанында су себіледі, ал от сәрсенбісінде сыртққа от жағылады, сондай-ақ үйлерде отбасының әрбір мүшесі үшін шам жағылады. Сонымен қатар адамдар сыртта жағылған оттың үстінен секіріп, "Бүкіл қиындықтар оттың ішінде қалсын," деп дуға жасайды.

Айта кетейік, Әзербайжанда Науырыз мейрамына байланысты 28 наурызға дейін демалыс күндері болады.

Жаңалықтар