Әзербайжандық әнші және актер - Рашид Меджидоғлы Бехбудов

Рашид Меджидоғлы Бехбудов 14 желтоқсан 1915 жылы Тбилисиде дүниеге келді.

12 Şubat 2022 17:40

Векиловлар отбасынан, Фирузе Ханымның ұлы.

Бехбудов бала кезінен мектеп хорында ән айтып, 1933 жылы теміржолшыларды даярлау мектебіне түсті.

Бехбудов 1945 жылы "Аршин мал алан" фильмінде түседі. Көркем фильм шыққан кезде әртіс тек Әзербайжанда емес, бүкіл Кеңес Одағында да танымал болды. 1946 жылы Бехбудов кинодағы рөлі үшін "Сталин сыйлығына" ие болды.

1944-56 жылдары Әзербайжан мемлекеттік филармониясы, 1953-60 жылдары Мырзе Фетели Ахундов атындағы Әзербайжан опера және балет театрының солисі ретінде қызмет атқарды, одан әрі Әзербайжан мемлекеттік концерттік ансамблінің ұйымдастырушысы және көркемдік жетекшісі болды.

1966 жылы Әзербайжанның мемлекеттік ән театрын ұйымдастырды және өмірінің соңына дейін театрдың көркемдік жетекшісі және солисті болды.

Әзербайжан халық әндерімен қатар öенгал, парсы, хинди, орыс, түрік және урду тілдерінде ән шырқады.

Бехбудов Аргентина, Албания, Бельгия, Ұлыбритания, Қытай, Эфиопия, Финляндия, Үндістан, Ирак, Иран, Чили және Түркия сияқты елдерде өнер көрсетті.

Оның Түркиядағы алғашқы концерттері 1961 жылы Анкара мен Ыстанбұлда скрипкашы Азад Алиевтің сүйемелдеуімен өтті.

Сахнада микрофонсыз ән айтқан алғашқы әртіс болды.

 

Жаңалықтар