Әзербайжанның алғашқы кәсіби білімі бар композиторы -  Асаф Зейналлы

Зейнелабидинұлы Асаф Зейналлы 1909 жылы Дагестанның Дербент қаласында дүниеге келген.

18 Mart 2022 18:40

Зейналлы 1923-1926 жылдары Баку музыкалық колледжінде, ал 1931 жылы Әзербайжан мемлекеттік консерваториясының композиторлық бөлімінде оқыды.

Әзербайжанның музыкалық тарихындағы алғашқы романстар Асаф Зейналлыға тиесілі. Алғашқы ұлттық романстардың (вокалдық шығармалардың), фортепиано мен скрипкаға арналған шағын пьесалардың, сондай-ақ алғашқы симфониялық шығармалардың авторы ретінде Зейналлы Әзербайжан музыка мәдениетінің тарихында өз ізін қалдырды.

Әзербайжан музыкасының тарихында балаларға арналған музыкалық репертуардың негізін қалаған тұлға да Зейналлы.

Асаф Зейналлы 1932 жылы 27 қазанда Бакуде 23 жасында дүниеден озды. Композитордың құрметіне оның есімі Баку музыкалық колледжіне және бір көшеге берілген.

 

Жаңалықтар