Әзербайжанның халық әртісі Мүслім Магомаев

Мүслім Магомаев 1942 жылы тамыздың 17-сінде Әзербайжанның астанасы - Баку қаласында дүниеге келген.

28 Ocak 2022 23:23

Әкесі Магомет Мүслімұлы Магомаев театрда суретші болып жұмыс істеген, Ұлы отан соғысының қатысушысы, 1945 жылы мамыр айында, Жеңіс күніне 2 күн қалғанда қаза тапқан.

Анасы - Айшет Магомаева (тұрмысқа шыққаннан дейін - Кинжалова), драматикалық театрының әртісі. Атасы - Мүслім Магомаев, атақты сазгер, Әзербайжан филармониясы оның атында. 

Магомаев Баку консерваториясының музыкалық мектебінде оқыған. 1968 жылын Әзербайжан консерваториясын бітірген .

1962 жылы Кремлдегі Съезд сарайында Әзербайжан өнер фестивалінің соңғы күнінде концертке қатысып, бүкіл Кеңес одағына әйгілі болып кетті. 1963 жылы қарашаның 10-ында Чайковский атындағы концерт залында Мүслім Магомаевтың алғашқы концерты өтті.

Магомаев Әзербайжан опера және балет театрының опера әншісі болып жұмыс істеді. 

1969 жылы Сопотадағы фестивалінде I-ші жүлдесін алады, ал Канныда - «Алтын күйтабағын» алады.

1973 жылы КСРО халық әртісі деген атағының иесі болады.

«Низами», «Поёт Муслим Магомаев» және «Москва в нотах» деген фильмдерінде түсті. 

Әйелі -Тамара Ильинична Синявская, әнші, КСРО халық әртісі. Бірінші әйелінен - Марина деген қызы бар.

1997 жылы оның есіміне (4980 Magomaev) деп Күн жүйесінің астероидтарының бірі аталған еді, бұл астероид 1974 SP1 коды ретінде белгілі.

Соңғы жылдары Мәскеуде өмір сүрді. 2008 жылы қазанның 25-інде дүниеден қайтты.

Жаңалықтар