2023

Әзербайжанның Шуша қаласы "Түркі әлемінің мәдени астанасы 2023" болып таңдалды

Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРКІСОЙ) Мәдениет министрлерінің Тұрақты Кеңесінің кезектен тыс отырысында Әзербайжанның Шуша қаласы "Түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы"болып жарияланды.

31 Mart 2022 18:19

"Түркі әлемінің мәдени астанасы 2022" Түркияның Бурса қаласында кеңінен іс-шаралар өткізіліп келе жатыр.

Аталған отырыста келесі жылдың "Түркі әлеменің мәдени астанасы" таңдалды, ол Әзербайжанның ежелгі Шуша қаласы болғаны жарияланды.

Сонымен қатар Тұрақты Кеңесінің кезектен тыс отырыснда Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының жаңа Бас хатшысы жарияланды.

Ұйымның Бас хатшысы лауазымына Қырғыз Республикасының кандидаты Сұлтан Раев сайланды.

Отырыстың қатусушылары Раевке жаңа қызметінде сәттілік тілеп, ТҮРКІСОЙ-дың осы күнге дейін 4 кезең бойынша Бас хатшысы лауазымында болған Дүйсен Қасейінов мырзаға алғыс білдірді.

Жаңалықтар