"Әзербайжанның әйел ақындары поэзиясының антологиясы" араб тілінде жарық көрді

Түркі мәдениеті мен мұрасының халықаралық қоры тарапынан "Әзербайжанның әйел ақындары поэзиясының антологиясы" араб тілінде жарық көрді.

28 Ocak 2022 23:06

Түркі мәдениеті мен мұрасының халықаралық қоры түркі әлемінің мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілету бойынша көптеген жобаларды жүзеге асыруда. Осы тұрғыда "Әзербайжандық әйел ақындарының поэзиясының антологиясы" алғаш рет араб тілінде жарық көрді. Одан бұрын кітап ағылшын, неміс және итальян тілдеріне аударылған болатын. 

Енді араб оқырмандар Әзербайжандық әйел ақындарының рухани әлемін, олардың қоғамдағы орнын, әдебиеттегі рөлін, сондай-ақ елдің ғасырлық мәдени құндылықтары туралы біле алады.

Кітап Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының төрайымы Г. Эфендиеваның кіріспе сөзімен басталады.

Кітапты Египеттің Айн Шамс Университетінің профессоры Ахмед Сами Элаиди аударған. Ал кітаптағы суреттер Мерьем Эседова салған.

Кітапта 800 жыл бойы әлемдік әдеби мұрасына үлес қосқан Әзербайжан әйел ақындарының өлеңдері, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат жинақталған. Олардың арасында Мехсети Гяджави, Ағабейім аға Ағабажи, Хуршидбану Натеван, Уммугульсум, Мирварид Дильбази, Нигар Рефибейли, Медине Гулгун секілді ақындар бар.

Жаңалықтар