Жаңғақ алқабы: Жалал-Абад

Өзінің жаңғақтарымен танымал Жалал-Абад қаласы Қырғызстанның оңтүстік-батысында орналасқан.

04 Şubat 2022 14:04

Елдің үшінші ең үлкен қаласы болып табылатын Жалал-Абад Бабаш Ата тауының етегінде орын алуда.

Тарихи Жібек жолында орналасқан Жалал-Абад қаласы жаңғақтары және термальды суларымен танымал. Елдің таулы жағрапиясындағы термальды және минералды сулар мен санаторийлер экономикаға айтарлықтай үлес қосуда.

Тоқтогүл бөгеті және ГЭС

Тоқтоғүл бөгеті мен су электр станциясы 1975 жылы Нар өзенінде құрылды. Ол әлемдегі ең биік 30 дамбаның қатарына кіреді. Аталған электр станциясы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандың бірлескен "Ортаазиялық жалпы энергетикалық жүйенің" жиіліктерін реттеу бойынша қызмет көрсетуде.

Әйүп Пайғамбар субұрқағы

Әйүп Пайғамбар субұрқағы қаладағы ең маңызды туристік бағыт ретінде танымал. Бұл судың тері мен асқазан ауруларына пайдалы әсер етеді деп саналады, сондықтан субұрқақ жыл сайын мыңдаған жергілікті және шетелдік туристердің назарын аударуда.

Асланбаб жаңғақ орманы

Жалал-Абадта орналасқан Асланбаб орманы әлемдегі ең үлкен жаңғақ орманы ретінде танымал. Арсланбаб өзенін өтетін жаңғақ алқабы 600 мың гектар жерде орналасқан. Орман толығымен жеміс-жидек пен жаңғақ ағаштарынан тұрады. Жыл сайын Асланбаб орманынан 1500 тонна жаңғақ жиналады.

Сары Шелек көлі

Сары Шелек көлі Орталық Азиядағы үшінші ең терең көл болып табылады. Қарағай және шырша ормандарымен толған көл табиғаты ЮНЕСКО-ның биосфералық резервттері тізімінде орын алуда.

Жаңалықтар