Жасыл қала - Бішкек

Бішкек, әдемілігімен таң қалдыратын таулардын етегінде орналасқан заманауи қала. Қырғызстанның астанасы кең жолдарымен, жасыл алаңдарымен, көптеген парк және бульварларымен адамның іш дүниесіне жақсы әсер етеді.

02 Mayıs 2021 17:38

Қырғызстанның астанасы Бішкек өте кең және әдемі қала. Бішкек,  Ала-Тоо алаңының айналасында салынған, Кеңес одағы сәулет өнерінің іздерін сақтаған осы үлкен алаңда жыл бойы фестивальдар өтеді.

Ала-Тоо алаңы - қаланың жүрегі болып саналады. Бұл жерде парламент ғимараты және тарихи мұражай орналасқан.

Қырғызстанның астанасындағы Қырғыз филармониясы және Қырғыз мемлекеттік тарихи мұражайы ең танымал ғимараттардан бірі.

Қала тұрғындары серуендеп демалу үшін Панфилов паркіна, Еркіндік бульварына, Жас Гвардия бульварына, Ататүрік паркіна немесе Ботаникалық бағына барады.

Мұражай әуесқойларына Қырғыз мемлекеттік тарихи мұражайы ұнай алмайды.

Бішкектегі ең көне саябақтардың бірі- Оакта үлкен емендердің арасында ашық аспан астындағы мұражайға ұқсайтын тарихи ескерткіштер мен мүсіндер бар.

Ала-Арча ұлттық паркі, Конорчок шатқалы және Исык-Ата алқабына көптеген жергіліктті және шетелдік туристер келіп, тауға шығып немесе пикник жасайды.

Бішкек өзінің базарларымен де танымал. Үлкен Ош базары, Дордой және Орта Сай базарлары ерекше танымал. Мұнда кез-келген талғамға арналған тауарлар: дәстүрлі түрлі-түсті қырғыз киімдерінен бастап сувенирлерге, кеңес дәуіріндегі антиквариатқа, кептірілген көкөністер мен жемістерге дейін қалаған барлық нәрсені табуға болады.

Жаңалықтар