"Жер сағаты" науқаны аясында Ақорда ғимаратының шамдары өшірілді

Нұр-Сұлтанда 150-ге жуық ғимарат, оның ішінде Ақорда президенттік резиденциясы климаттың өзгеруіне назар аудару үшін электр шамдарын өшірді.

28 Mart 2021 15:14

Кешкі 20:30 бен 21:30 аралығында ғимараттардың сыртқы шамдары өшірілді.

Табиғатты қорғау қоры (WWF) тарапынан жаһандық деңгейде климаттың өзгеруіне "жоқ" деп айту мақсатында ұйымдастырылған "Жер сағаты" науқаны аясында елдегі кейбір ғимараттар электр шамдарын өшірді.

Нұр-Сұлтанда 150-ге жуық ғимарат науқанға қатысты, соның ішінде: Ақорда президенттік резиденциясы, Бәйтерек сәулет кешені, Астана Опера театры, Әзірет Сұлтан мешіті, Қазақстанның Ұлттық мұражайы, "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығы.

Қазақстанның  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлағанындай бүкіл ел бойынша "Жер сағаты" науқанына деген қызығушылық тұрақты түрде артып келеді.

 

 

 


 

Anahtar Kelimeler: Нұр-Сұлтан, "Жер сағаты" науқаны, Ақорда, Қазақстан,

Жаңалықтар