Үлкен Алматы көлі

Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 2510 метр биіктікте орналасқан.

23 Temmuz 2021 23:38

Көлдің ұзындығы -1,6 км, ені-0,75-тен 1 км-ге дейін.

Көлдегі ең жоғары су деңгейі тамыз айында, ал ең төменгі су деңгейі ақпан айында байқалады.

Үлкен Алматы көлі Тәңір тауларында орналасқан көлдердің көпшілігі сияқты жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған, қазір "Іле Алатауы" ұлттық паркінің бөлігі болып табылады.

Көлдің солтүстік жағынан көрінетін үш негізгі шың бар: оңтүстік-шығыста "Кеңес шыңы" (4317 м), оңтүстігінде "Көл шыңы" (4110 м) және көлдің оңтүстік-батысында "Турис шыңы" (3954 м).

Көлдің түсі әр уақытта ашық жасылдан көгілдір көкке дейін өзгереді.

Алатау ұлттық паркінде орналасқан Үлкен Алматы көлі әр маусымда таза ауасымен, керемет табиғатымен және тауларымен жергілікті және шетелдік туристердің назарын өзіне аударады.

Жаңалықтар